Қазақстанда қару ұрлау бойынша құқықбұзушылық рекордтық көрсеткішке жетті

0
478

Биыл қаңтар-мамыр аралығындағы көрсеткіш өткен жылдардағылардан ең жоғары болып шықты.


Қазақстанда қару ұрлау бойынша құқықбұзушылық рекордтық көрсеткішке жетті

ERNUR.KZ. Елімізде биыл қаңтар-мамыр айларында қару мен оқ-дәрілерді ұрлау немесе қорқытып алу бойынша 113 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 11 есеге көп, деп жазады zakon.kz.

Осылайша қару мен оқ-дәрілерді ұрлау немесе қорқытып алу ісіндегі қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Бес айда 113 оқиға.

Салыстыру үшін: 2021 жылдың алғашқы бес айында құқықбұзушылық саны жылына 29,4% азайып, небәрі 10 жағдай болды.

Биыл қаңтар-мамыр аралығындағы көрсеткіш өткен жылдардағылардан ең жоғары болып шықты. Сонымен қатар саладағы құқықбұзушылықтар саны 2021 жылдың жылдық көрсеткіштерінен асып түсті.

"Өңірлік тұрғыда қару мен оқ-дәрілерді ұрлау немесе қорқытып алу бойынша құқықбұзушылықтардың жартысынан көбі Алматыға тиесілі: Қазақстан бойынша 58 құқықбұзушылық. Ол дегеніміз – барлығының 51,3%-ы Алматыда тіркелген деген сөз. Анықтама үшін: былтыр осы кезеңде оңтүстік астанада осы салада бір ғана құқық бұзушылық тіркелген", – делінген Ranking.kz хабарламасында.

Ал екінші және үшінші орында Алматы (31 құқықбұзушылық) және Жамбыл (7 құқықбұзушылық) облыстары. Еліміздегі 17 облыстың алтауында бұл салада қылмыс тіркелмеген.

Құқықбұзушылықпен келтірілген шығынның белгіленген мөлшері жыл басынан бері – 25 млн теңге. Оның ішінде заңды тұлғаларға 17,1 млн теңге, жеке тұлғаларға 7,6 млн теңге, мемлекетке 300 мың теңге келтірілген.

Бес айда қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлау немесе қорқытып алу бойынша құқықбұзушылық жасағандардың саны 50 адамды құраса, оның 40-ы 30 жасқа дейінгі жастар. Тәртіп бұзушылардың басым бөлігі жұмыссыздар (44 адам).