Қазақстанда кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады

0
912

Ең төмен жылдық өсім Жамбыл облысында тіркелді: небәрі 1,2%.


Қазақстанда кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады

ERNUR.KZ. Елімізде кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады. Тіпті, кейбір өңірлерде бағаның өсуі 50,1 пайызға жетіп отыр, деп жазады Stan.kz.

Energyprom.kz порталының мәліметінше, биылғы шілдеде кеңсе тауарлары былтырғыдан 12,3 пайызға қымбаттады. Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Түркістан облысында байқалды – 50,1 пайыз. Сондай-ақ, Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматы қаласында (14,5%) да айтарлықтай қымбаттады.

Ең төмен жылдық өсім Жамбыл облысында тіркелді: небәрі 1,2%.

Мысалы, сурет салуға арналған альбом бір жыл ішінде 14,1%-ке, шарик қаламдар 13,2%-ке, түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы 12,1%-ке, дәптерлер 12%-ке, А4 қағазы 10,6%-ке қымбаттаған.

Жалпы биыл шілде айында білім беру қызметтерінің бағасы 11,5%-ке көтерілді. Соның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің бағасы бір жылда 7,1%-ке, орта білім — 6,8%-ке, кәсіптік орта білім — 11,7%-ке, жоғары білім — 17,7%-ке, ересектерге арналған білім 10,7%-ке өсті.

Өңірлер арасында бағаның ең жоғары өсімі Атырау (50%-ке), Павлодар (19,4%) және Шығыс Қазақстан (19,1%) облыстарында байқалып отыр.