Қазақстанда кезекші сынып оқушысынан алғаш рет коронавирус анықталды

0
369

Онымен бірге 12 бала оқыған.


Қазақстанда кезекші сынып оқушысынан алғаш рет коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда кезекші сыныпта коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

Шығыс Қазақстан облысы Парыгино аулында екінші сынып оқушысынан COVID-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.

"14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы, Парыгино кентінде кезекші сынып оқушысынан коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы - мұғалім. Бірінші күні дене қызуы 37 градус болды, вирустың барлық белгісі болды. ПТР талдауы оң нәтиже берді", - деді Кожахметов.

Бала үйде емделеді, жағдайы қанағаттанарлық.

Онымен бірге 12 бала оқыды. Байланыста болған барлық адам тексеріледі.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет