Қазақстанда кинотеатрлар қашан ашылады: Министрлік айтып берді

0
885

Мұндай мекемелер коронавирусты жаппай жұқтыру орны болып есептеледі, дейді Бағдат Қожахметов.


Қазақстанда кинотеатрлар қашан ашылады: Министрлік айтып берді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда кинотеатрлардың қандай жағдайда ашылатынын айтты, деп жазады Stan.kz.

Қожахметовтың сөзінше, елімізде кинотеатрлар жақын арада ашылмайды. Санитарлық талаптарға сүйенсек, мұндай мекемелер коронавирусты жаппай жұқтыру орны болып есептеледі.


"Санитарлық дәрігерлер кинотеатрлар, бассейндер, спа-орталықтар және басқа да осындай қоғамдық орындар жаппай жұқтыру қаупін төндіреді деп санайды. Кинотеатрлар қазір ашылмайды. Кинотеатрға соңғы рет наурыздың басында бардық. Барлығымыз сағынып жүрміз. Бірақ күтуіміз керек. Денсаулығымызды сақтау маңызды, кинотеатрлар әлі де инфекцияның таралу қаупі жоғары қоғамдық орын болып табылады", - деді Қожахметов.


Сонымен қатар, табысынан айырылған кәсіпкерлерге де мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмек.


"Министр де, бас санитарлық дәрігер де, премьер-министр де бұл мәселеге алаңдап, шешім табу және бизнеске ақша табуға мүмкіндік беру, осы уақытқа дейінг шығындарын өтеуге тырысу үшін барлығын жасайды. Бірақ нақты ережелер бар", - деді Қожахметов.