Қазақстанда қоғамдық көлікте маска тақпайтындарға айыппұл салу ұсынылды

0
510

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте маска тақпайтындарға заңды түрде айыппұл салу ұсынылды.


Қазақстанда қоғамдық көлікте маска тақпайтындарға айыппұл салу ұсынылды

ERNUR.KZ. Мұндай ұсынысты "City Transportation Systems" ЖШС төрағасы Бекмырза Игенбердинов білдірді, деп жазады Stan.kz.

"Автобус парктері санитарлық нормаларға сәйкес барлық іс-шараларды жүргізеді. Мұны заң жүзінде шешу керек деп ойлаймын. Көптеген елдерде сияқты қоғамдық көлікте маска тақпайтындарға айыппұл салу қажет", – деді Игенбердинов.

Сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта бақылау қызметі маскасыз жолаушыларға ескерту жасайды.

"Бұл мәселе заңда бекітілгеннен кейін, тәртіп орнайды деп ойлаймын", – деді ол.