Қазақстанда көк түсті жол белгісі пайда болады

0
503

Бұл белгі жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін енгізіліп отыр.


Қазақстанда көк түсті жол белгісі пайда болады

ERNUR.KZ. Қазақстанда бірінші рет көк түсті жол белгісі пайда болады, деп жазады inbusiness.kz.

Пилоттық жоба қазір елордада Нұржол бульварында басталады.

Көк белгілер жүргізушілерге ақылы тұрақ кеңістігінің шекараларын жақсырақ және жылдам анықтауға көмектеседі.

"Ашық көк сызықтар ақылы аймақты бөліп, жүргізушілердің назарын аударуы керек. Егер жаңа енгізілім қала билігінің мақұлдауына ие болса, болашақта елорданың барлық ақылы тұрақ аймақтары көк жол таңбасымен бөлінетін болады" деп жазылған әлеуметтік желіде.

Ережеге сәйкес, төлем алғашқы 30 минутта жасалуы керек. Демалыс және мереке күндері тұрақтарды қолдану тегін.