Қазақстанда көкжөтел ауруын жұқтырғандар саны артты

0
3 485

Көкжөтел – тыныс жолдарының жұқпалы ауруы.


Қазақстанда көкжөтел ауруын жұқтырғандар саны артты

ERNUR.KZ. Қостанай облысында вакцина алмаған бес бала көкжөтел жұқтырған. Қазіргі таңда ауру жұқтырғандар саны республика бойынша да көбейіп келеді, деп жазады stan.kz.

Көкжөтел – тыныс жолдарының жұқпалы ауруы. Ол ауа тамшылары арқылы жұғуы мүмкін. Бұл кезде науқас қатты жөтеледі, асқынған кезде миды зақымдап, пневмонияны және кіндік жарығын туғызуы мүмкін.

Өткен жылы Қостанай облысында бірде-бір науқас болмаса, биыл бірден бесеуі тіркелді. Негізінен вакцина алмаған балалар ауруды жұқтырып жатыр екен.

“Әлі анасын еміп жүрген бөбектер үшін бұл ауру өте қауіпті. Ол тынысы тоқтап, апноэға әкелуі мүмкін. Тіпті өлімге әкелген жағдайлар бар”, – деп мәлімдеді Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Гүлім Досымова.