Қазақстанда көлік нөміріне адамның аты-жөніндегі бастапқы әріптері жазылады

0
1 396

Бұл бюджетке қаражат тартудың тағы бір жолы.


Қазақстанда көлік нөміріне адамның аты-жөніндегі бастапқы әріптері жазылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда мемлекеттік көлік нөмірлерінің конструктор қызметі іске қосылуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Яғни, азаматтың аты-жөніндегі алғашқы әріптерін автомбиль нөміріне жазуға рұқсат берілмек.

Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бюджетке қаражат тартудың тағы бір жолы. Қазіргі таңда, мәселе Ішкі істер министрлігімен бірге талқыланып жатыр. Шешім қабылданған соң құжатты Мәжілісте бекіту қажет.