Қазақстанда көлік салығын алып тастау мүмкіндігі өзгерді

0
2 132

Журналистер Әлібек Қуантыровтан Қазақстандағы көлік салығы не болатынын айтып беруін өтінді.


Қазақстанда көлік салығын алып тастау мүмкіндігі өзгерді

ERNUR.KZ. 18 қазанда мәжіліс алаңында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда көлік салығын алып тастау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп жазады zakon.kz.

Журналистер Әлібек Қуантыровтан Қазақстандағы көлік салығы не болатынын айтып беруін өтінді.

"Бұл мәселе талқыланбайды, ол (көлік салығы. – Ред.) қалады", - деп қысқа жауап берді ҰЭМ басшысы.

11 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика министрлігі көлік салығын алып тастау туралы ұсыныс жасалғанын хабарлаған еді. Басқарма барлығын салықтан босату ұсынылмайтынын хабарлады. Қозғалтқыш көлемі ұлғайтылған автокөліктерге салықты сақтап қалу ұсынылып отыр.