Қазақстанда көлік тіркеу тоқтатылды

0
100

Бұл жоспардан тыс алдын алу жұмыстарын жүргізуге байланысты.


Қазақстанда көлік тіркеу тоқтатылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда көлік тіркеу тоқтатылды, деп жазады Stan.kz.

Әкімшілік полиция комитетінің хабарлауынша, көлікті тіркеу қызметі барлық ХҚКО-ларда және eGov порталында 26 мамырда сағат 9:00-ден 12:30-ға дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) тоқтатылады.

Бұл жоспардан тыс алдын алу жұмыстарын жүргізуге байланысты. Әкімшілік полиция комитетінде келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.


"Алдын алу жұмыстары аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету штаттық режимде қайта басталады", - деді ведомствода.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет