Қазақстанда көліктерге сары нөмір беру мерзімі ұзаруы мүмкін

0
2 478

Жуырда тиісті қаулы жарияланады.


Қазақстанда көліктерге сары нөмір беру мерзімі ұзаруы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді уақытша тіркеу шарасы 1 наурызда аяқталуы тиіс еді. Бірақ сары нөмір беру мерзімін ұзарту жөнінде шешім қабылданды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Бұл әзірше ресми ақпарат емес, дегенмен, бірнеше дереккөз растады. Қазірше нақты мерзімі белгісіз», - деп жазады басылым.

Шара тағы алты айға созылады деген болжам бар. Кейбір деректерде 22 мың көліктің 19 500-і тіркелгені жазылды, қалғаны тек оң рөлді және біздің елде сенімхат арқылы сатылған көліктер екен.

Армениядан келген машина үшін екі елге салық төлеу мәселесі де жуырда шешілуі тиіс.

Еске сала кетейік, Қазақстанда одақтас елден келген машиналарды уақытша тіркеу 2020 жылы 1 маусымда басталды. Көлік иелері 1 қыркүйекке дейін сары нөмір алып үлгеруі керек болатын, кейін мерзім 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылды. Мұндай машинаны Қазақстанда есепке қойғанша сатуға, сыйға беруге болмайды. Қажет болса сақтауға берген армениялық нөмірін қайта алып, елден шығаруға мүмкіндік бар.