Қазақстанда коммерциялық жылжымайтын мүлік қараусыз қалды - Ұлттық палата

0
460

Жиында саланы реттеудегі заңнамалық «олқылық» мәселесін Премьер-министр Әлихан Смайылов басқаратын кәсіпкерлер кеңесі деңгейіне шығару туралы шешім қабылданды.


Қазақстанда коммерциялық жылжымайтын мүлік қараусыз қалды - Ұлттық палата

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҰКП Төралқасының коммерциялық жылжымайтын мүлікті басқару мәселелері жөніндегі қосалқы комитет мүшелерінің отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында саланы реттеудегі заңнамалық «олқылық» мәселесін Премьер-министр Әлихан Смайылов басқаратын кәсіпкерлер кеңесі деңгейіне шығару туралы шешім қабылданды. Талқылауға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері де қатысты.

Ұлттық кәсіпкерлер калатасы және «QAZPROPERTY» басқарушылар және сервистік компаниялар қауымдастығы бірлесіп, бірнеше жылдан бері министрліктерден қауымдастықты коммерциялық жылжымайтын мүлік ретінде тануды және оның жұмысын реттеуге қол жеткізе алмай келеді. Шын мәнінде, сала бар болғанымен уәкілетті мемлекеттік орган – жоқ; тиісті терминология, салалық шеңберлер, стандарттар да қарастырылмаған, заңнамалық бастамалардың құқығы жоқ, соның салдарынан инвестиция тарту қиын.

«Біз Ұлттық палатамен бірге осы мәселені 2020 жылдан бері көтеріп келеміз. Барлық министрлік: қаржы министрлігі, әділет министрлігі, экономика министрлігі бізді қолдап отыр. Ведостволар инвестициялық тартымдылық пен объектілерде болу тәуекелдерін азайту үшін саланы сапа мен қауіпсіздікті нығайту үшін реттеу қажет екенімен келіседі. Бірақ бізде индустрия және инфрақұрылымдық министрлік, дәліре айтсақ құрылыс істері жөніндегі комитет тарапынан түсініспеушілік бар. Өйткені функционал бойынша біз осы комитетке қараймыз. Негізінде комитет жанынан бөлім немесе басқарма құрылуы тиіс. Онда коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы құзыретті қызметкерлер жиналатын болады, олармен біз заңнама, түзетулер, кәсіби стандарттар тұрғысынан дамудың тұжырымдамалық жоспарын жасаймыз және ілгерілете бастаймыз. Біз стандарттарды дербес әзірлеуге дайынбыз», – деді «Атамекен» ҰКП Төралқасының коммерциялық жылжымайтын мүлікті басқару мәселелері жөніндегі қосалқы комитетінің төрағасы, «QAZPROPERTY»басқарушылар және сервистік компаниялар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Қайрат Көкенов.

Министрліктің позициясы нақты – Индустрия және инфрақұрылымдық министрлікті салалық мемлекеттік орган ретінде белгілеу және сәулет қызметі мен тұрғын үй қатынастары туралы заңдарға өзгерістер енгізу дұрыс емес. Бүгін, қауымдастықтар ережелер немесе ұлттық стандарды әзірлеуді ұсынды.

«Сәулет қызметі туралы заң ғимараттар мен нысандарды пайдалану бөлігіндегі қатынастарды реттемейді. Мәселе құрылысты жобалауда болып тұр. Егер біз тұрғын үй қатынастары туралы заңға жүгінетін болсақ, заң алаңдар тұрғын үйлерде жұмыс істеген кезде ғана қатынастарды реттей алады. Егер сіз коммерциялық жылжымайтын мүлік алсаңыз, онда біздегі Азаматтық кодекс бизнес-орталықтарда кондоминиум объектісін құруға мүмкіндік береді. Онда бірнеше меншік иесі және осы бизнес субъектілерінің құқықтық қатынастары бірлескен басқару шарты арқылы жасалуы мүмкін. Ережелерді әзірлеу мүмкін, бірақ біз заңға өзгерістер енгізуді орынсыз деп санаймыз. Оңай жолы – ұлттық стандартты әзірлейік. Біз заңда сілтеме жасай аламыз, содан кейін орындау міндетті болады», – деп түсіндірді қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов.

ҰКП және қауымдастықтардың өкілдері бұл мәселені тезірек реттеу керегін айтты. Өйткені коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында жағдай күрт өзгеріп жатыр: жаңа облыстық орталықтардың пайда болуына байланысты өңірлерде өсу, қордың жаңаруы күтілуде. Алматыда көпқабатты үйлердің биіктігіне шектеу мен жердің тапшылығына, сондай-ақ елордада үшінші ЖЭО салу және газ тартуға байланысты инвесторларды тарту қиындап кетті.

Сонымен қатар, стандарттардың болмауына байланысты әзірлеушілер коммерциялық үй-жайлардың орнына үйлердің бірінші қабаттарында пәтерлер салу және оларды сатуды көбірек ойлай бастаған.

ҰКП және қауымдастық өкілдері мәселені Министрлер кабинеті басшысының төрағалығымен кәсіпкерлер кеңесіне шығару туралы шешім коммерциялық жылжымайтын мүлік саласы қатынастарды мүмкіндігінше тезірек реттеп, нарықтан «уақытша адамдарды» алып тастау керегімен түсіндіреді. Министрліктер мен ведомстволардағы кадрлық өзгерістерге тәуелді бола алмайды. Сонымен қатар, бизнесмендердің пікірінше, мемлекеттік органдар Кәсіпкерлер кеңесінің шешімдерін, әдетте, жедел және сапалы орындайды.