Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 126 адам қайтыс болды

0
600

Індет жұқтырған 1707 адамның жағдайы ауыр.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 126 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны 126-ға жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 тамыздағы мәлімет бойынша, коронавирус анықталған науқастар өлімі дерегі - 110 жағдай. Тағы 16 адам (ПТР нәтижесі теріс шыққан) пневмониядан қайтыс болған. Осылайша тәулікте қайтыс болғандардың жалпы саны 126-ға жетіп отыр.

3 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 102 839 адам емделіп жатыр, олардың 29 138-і ауруханаларда, ал амбулаторлық деңгейде 73 701 науқас бар.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 1 707 адамның жағдайы ауыр,
  • 395 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 197 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Еске салайық, өлім бойынша бұған дейінгі антирекорд 27 шілдеде тіркелген еді: коронавирус пен пневмониядан 110 адам қайтыс болған.