Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 19 адам қайтыс болды

0
390

Індет басталғалы бері 4171 адам (12 маусымда 11 адам қайтыс болған) коронавирустан қайтыс болған. Тағы 3415 адамның өліміне корнавирус пневмониясы себеп болды деп айтылады.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 19 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 11, пневмониядан 8 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Індет басталғалы бері 4171 адам (12 маусымда 11 адам қайтыс болған) коронавирустан қайтыс болған. Тағы 3415 адамның өліміне корнавирус пневмониясы себеп болды деп айтылады. Одан бөлек, індет басталғалы бері шамамен 2 мың адам коронавирустың "жанама әсерінен" қайтыс болған. Қазақстанда мұндай адам өлімі көрсеткіші Covid статистикасына енгізілмейді.

Өткен тәулікте 967 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда СOVID-19 жұқтырғандар саны 402 239-ға жетті.

Өткен тәулікте 811 адам коронавирутан айықты. Пандемия басталғалы бері 377 642 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. 14 маусымдағы мәлімет бойынша 21 537 адам коронавирустан емделіп жатыр.

«Оның ішінде 7 075 пациент стационарда, 14 462 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 512 адамның жағдайы ауыр, 113 пациенттің жағдайы өте ауыр, 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп жазылған хабарламада.