Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 38 адам қайтыс болды

0
317

Өткен тәулікте коронавирустан 33 адам, "ковидтік" пневмониядан 5 адам көз жұмды.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 38 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 38 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

10 шілдедегі мәлімет бойынша 37 764 адам коронавирус инфекциясынан (36 371 КВИ+ және 1 393 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 11 989 пациент стационарда,
  • 25 775 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 770 адамның жағдайы ауыр,
  • 161 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 88 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.