Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 43 адам қайтыс болды

0
433

Ауруханаларда коронавирус инфекциясымен 25 182 адам емделіп жатыр.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 43 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 43 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 9 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан 25 182 адам, оның ішінде 108 бала емделіп жатыр. Стационарларда - 5 021 пациент, амбулаториялық деңгейде - 20 161 адам бар.

121 адамның жағдайы ауыр, 29 науқастікі өте ауыр, 38 - жасанды тыныс алдыру аппараттарына қосылған.