Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 163 адам көз жұмды

0
437

Індет жұқтырған 1 918 адамның жағдайы ауыр.


Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 163 адам көз жұмды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 163 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

118 адам коронавирустан, 45 адам пневмониядан көз жұмған.

20 тамыздағы мәлімет бойынша, 122 620 адам коронавирус инфекциясынан (–117 108 + және 5 512 КВИ-) емделіп жатыр:

  • 30 128 пациент стационарда,
  • 92 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 918 адамның жағдайы ауыр,
  • 551 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 248 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.