Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам ауруханадан шықты

0
731

Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырған 97 адам тіркеліп отыр, ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында анықталды.


Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам ауруханадан шықты

ERNUR.KZ. Қазақстанда екі адам коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Құрметті ағайын! Кеше айтқанымыздай, екі адам коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты. Олардың біреуі Алматы, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында емделді", - деді Абаев онлайн брифингте.

Қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырған 97 адам тіркеліп отыр.

Нұр-Сұлтанда – 55, Алматыда – 34, Қарағандыда - 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстанда - 1 адам.