Қазақстанда коронавирусты емдеу хаттамасы 11 рет өзгертілді

0
718

Маман жаңа емдеу хаттамасы туралы айтып берді.


Қазақстанда коронавирусты емдеу хаттамасы 11 рет өзгертілді

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирусты емдеуге арналған хаттама 11 рет өзгертілді. Бұл туралы жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігер Тамара Утаганова Алматыда өткен онлайн-брифингте айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Маман жаңа емдеу хаттамасы туралы айтып берді. Ол жаңа хаттамаға қосылған препараттарға тоқталып, емдеу жолдарының не себепті өзгеріп жатқанын жеткізді.


"Коронавирусты емдеу және диагностикалау туралы хаттама өзгерді. Бұл біз қолданатын 11-ші шығарылым болып саналады. Біз хаттаманы тәжірибе жинағаннан кейін, әлемдегі әріптестерімізбен пікір алмасу арқылы өзгертіп отырмыз. Біз қазір вирусқа қарсы терапияны хаттамада қарастырдық, енді ремдесивир, фавипиравир хаттама құрамына кіреді. Гидроксилохлорохин және лопиновир шығарылған, дегенмен бұл ДДҰ ұсынған препараттар", - деді дәрігер.