Қазақстанда коронавирустың мутациялары анықталды

0
186

COVID-19 барлық басқа вирус сияқты үнемі мутацияға ұшырайды.


Қазақстанда коронавирустың мутациялары анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирустың бірнеше мутациясы анықталды. Қазіргі уақытта оларды ғалымдар зерттеп жатыр. Кей мутациялардың шетелден әкелінгені белгілі болды, деп жазады Tengrinews.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіндегілер коронавирус мутациясы туралы ресми сауалға жауап берді. Ведомстводағылар COVID-19 барлық басқа вирус сияқты үнемі мутацияға ұшырайтынын атап өтті.

"(...) Бүгінде коронавирус геномынан 13 000-нан аса мутация анықталды. Алайда осы мутациялардың ешқайсы үшін вирустың "агрессивтілігінің" айтарлықтай жоғарылауы көрсетілмеген, яғни бұл мутанттардың патогенділігі немесе жұқпалылығы айтарлықтай жоғарыламайды.
"Біздің ғалымдар Қазақстандағы SARS-CoV-2 штамдарын және олардың геномдарын зерттейді. Бірнеше мутация анықталды: олардың бір бөлігі шетелден әкелінді, ал бір бөлігі біздің отандастарымыздың арасында пайда болған. Басқа жерлерде сияқты Қазақстанда пайда болған бұл мутациялар коронавирустың агрессив түрлерінің пайда болуына әкелген жоқ", - делінген Комитеттің жауабында.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет