Қазақстанда коронавирустың жаңа жағдайлары анықталды

0
477

Елімізде барлығы 1 291 985 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.


Қазақстанда коронавирустың жаңа жағдайлары анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың сегіз жаңа жағдайы анықталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының 8 жаңа жағдайы тіркелді.

Елімізде барлығы 1 305 740 жағдай расталды, оның ішінде кейінгісі: Нұр-Сұлтанда - 2, Алматыда - 3 және Қарағанды облысында - 3.

29 мамырдағы мәлімет бойынша, 154 адам коронавирус инфекциясынан (-94+ және 60 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 50 пациент стационарда, 104 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 6 адамның жағдайы ауыр.

Сонымен қатар, 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

- Нұр-Сұлтан қаласында - 4,
- Алматы қаласында - 5,
- Алматы облысында - 1,

Елімізде барлығы 1 291 985 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.