Қазақстанда құрастырылған алғашқы тікұшақтың тұсаукесері өтеді

0
964

Ресейлік және қазақстандық компаниялар бірлесіп, Ми-8АМТ тікұшағын құрастырып жатыр.


Қазақстанда құрастырылған алғашқы тікұшақтың тұсаукесері өтеді

ERNUR.KZ. «Қазақстан Инжиниринг» АҚ мен «Ресей тікұшақтары» АҚ кәсіпорындардың өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы шеңберінде Қазақстан аумағында Ми-8АМТ/Ми-171Е тікұшағын құрастыру жобасы іске асырылып жатыр. Қазақстанда құрастырылған алғашқы тікұшақтың тұсаукесері 12 желтоқсанда Алматы қаласындағы №405 авиажөндеу зауыты аумағында өтеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Құрастырылған тікұшақтар жолаушы мен жүк тасымалдау, авариялық-құтқару жұмыстары, ормандарды күзету, өрт сөндіру, санитариялық авиация қызметтерін көрсету, сонымен қатар құқық қорғау міндеттерін орындау бойынша әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге арналған.

Қазақстанда құрастырылған алғашқы тікұшақ Ми-8АМТ тұсаукесері бойынша іс-шара 12 желтоқсанда сағат 12:00-де Алматы қаласы, Ахметов көшесі, 17, №405 авиажөндеу зауытында өтеді.