Қазақстанда құтқарушылардың зейнетке шығу жасы төмендетілуі мүмкін

0
1 008

Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау бойынша заңдық актілерді толықтыру және өзгеріс ензіу туралы" заң жобасын дайындап жатыр.


Қазақстанда құтқарушылардың зейнетке шығу жасы төмендетілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Асқар Мамин Қазақстан Халық партиясы депутаттарының сауалына жауап беріп, құтқарушылардың зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірі, деп жазады Stan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау бойынша заңдық актілерді толықтыру және өзгеріс ензіу туралы" заң жобасын дайындап жатыр. Мұнда мынадай сұрақтар қарастырылмақ:

  • Азаматтық қорғау органы қызметкерлеріне тұрғын үй қаржысын төлеу және әскери істерге жақын жұмыс кезінде қосымша үстемеақы беру;
  • Құтқарушыларды арнайы атақ берілген азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің категориясына өткізу арқылы зейнет жасын азайту;
  • Жұмыс бабы бойынша көшкенде өтемақы төлеу, тұрғылықты орнын ауыстырғанда жүк тасымалына төленген ақшаны қайтару.

"Құтқарушылар мен азаматтық қорғау органы қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселесі бюджеттің кіріс мөлшері мен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты қарастырылады. Бұл сауал құзырлы органдар мен үкімет назарында", - делінген хабарламада.