Қазақстанда Қытаймен шекарадағы өткізу пункті уақытша жабылады

0
400

"Бақты" өткізу пунктін 21 тамыздан бастап штаттық режимде ашу жоспарлануда.


Қазақстанда Қытаймен шекарадағы өткізу пункті уақытша жабылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда Қытаймен шекарадағы өткізу пункті уақытша жабылады, деп жазады stan.kz.

"Ағымдағы жылдың басынан ЕАЭО кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру жобасы аясында Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан "Бақты" автомобиль өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс кестесіне сәйкес 2023 жылдың 18 тамызы мен 20 тамызы аралығында өткізу пунктінің жолы арқылы өтетін сыртқы су құбыры желілерін тарту жоспарлануда. Осыған байланысты комитет 2023 жылдың 18-20 тамызы аралығында жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу кезінде көліктерді жылжыту мүмкін болмағандықтан, "Бақты" өткізу пунктінің жабылатынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, "Бақты" өткізу пунктін 21 тамыздан бастап штаттық режимде ашу жоспарлануда.