Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі қайта қосылды

0
572

Әлеуметтік желіде жалған аккаунттар көбейіп, республика аумағында тыйым салынған интернет-казино жарнамаланған.


Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі қайта қосылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі қайта қосылды. Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn.com интернет-ресурсының бұғатталуына байланысты туындаған жағдай бойынша LinkedIn компаниясының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізген, деп жазады Stan.kz.

"LinkedIn" сайтының әкімшілігі өз сайттарында жарияланған материалдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу дерегі анықталғандығы туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолдаған хабарламаны қарастырып, Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады.

"Осыған байланысты, қазақстандық пайдаланушылар үшін АҚДМ-мен LinkedIn.com интернет-ресурсына қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды", - делінген хабарламада.

LinkedIn компаниясының өкілдерімен өзара сындарлы диалог құрып, қос тараптың тиімді ынтымақтастығын одан ары жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілген.

Бұған дейін Қазақстанда іскерлік байланыстарды іздеу және орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталғаны хабарланды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn желісіне қолжетімділік ресурс тарапынан болған заңбұзушылықтарға байланысты шектелгенін түсіндірді.

Атап айтқанда, әлеуметтік желіде жалған аккаунттар көбейіп, республика аумағында тыйым салынған интернет-казино жарнамаланған.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда танымал әлеуметтік желінің бұғатталғаны туралы жазған болатынбыз.