Қазақстанда локдаун енгізіледі: Министрлік түсіндірді

0
428

Хабарламада қозғалыс шектеледі, азық-түлік дүкендері де жабылады, тек дәріханаларға баруға рұқсат беріледі делінген.


Қазақстанда локдаун енгізіледі: Министрлік түсіндірді

ERNUR.KZ. WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар елде жақын арада локдаун енгізілетіні туралы ақпарат таратуды, деп жазады Stan.kz.

Хабарламада қозғалыс шектеледі, азық-түлік дүкендері де жабылады, тек дәріханаларға баруға рұқсат беріледі делінген.

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

"Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі күнге дейін мұндай қатаңдату шаралары жоспарланбаған. Бұл мәселелер ешбір облыста көтерілген жоқ", - деді комитет өкілі Ержан Байтанаев.

Ол сондай-ақ қазақстандықтарға медициналық маска киюдің және әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңыздылығын еске салып, мүмкіндігінше адамдар көп шоғырланған жерлерге барудан аулақ болуды ұсынды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет