Қазақстанда медициналық маскалар, халат және қолғаптардың экспортына тыйым салынды

0
712

Ұлттық қауіпсіздік және қазақстандықтардың денсаулығы мүддесі тұрғысында осындай шешім қабылданды.


Қазақстанда медициналық маскалар, халат және қолғаптардың экспортына тыйым салынды

ERNUR.KZ. Қазақстанда медициналық жеке қорғаныс құралдарын республикадан тыс шығарып, сатуға ресми түрде тыйым салынды, деп жазады zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті мұның ұлттық қауіпсіздік пен қазақстандықтардың денсаулығын қорғау мақсатында жасалғанын түсіндіреді.
ҚР Премьер-министрінің "ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 29 қаңтардағы қаулысына сәйкес, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің (2019-nCov) Қытай Халық Республикасында және басқа елдерде таралуына байланысты, денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайдың орын алуын болдырмау және инфекцияның таралуын шектеу үшін осындай шешім қабылданды.
ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапаны бақылау комитетінің төрағасы жеке қорғаныс құралдарын (респираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, I-II-типтегі қорғаныс (обаға қарсы) костюмдерді немесе бір реттік қорғаныс (обаға қарсы) костюмдерін, медициналық маскаларды, респиратор маскаларды, халаттарды, қолғаптарды) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салатын бұйрық шығарды, делінген комитет хабарламасында.