Қазақстанда мектеп оқушыларының каникул уақыты қысқартылады

0
961

2021 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек.


Қазақстанда мектеп оқушыларының каникул уақыты қысқартылады

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі ашық құқықтық нормативтер порталында 2021-2022 оқу жылындағы мектеп оқушыларының каникулының шарттары көрсетілген бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын”, – делінген құжатта.

- 2021 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек;

- оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

- 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында), көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында);

- 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

Еске салсақ, өткен оқу жылында мектеп оқушылары күзде 10 күнге, қыста 11 күнге, көктемде 12 күнге демалысқа шығатын. Алдағы оқу жылында демалыс бірнеше күнге қысқартылады.