Қазақстанда мемлекеттік орган сайттарынан ақау шықты

0
546

27 қарашада түске таман республикада gov.kz домені бар барлық сайттар жұмысын тоқтатты.


Қазақстанда мемлекеттік орган сайттарынан ақау шықты

ERNUR.KZ. Министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдар сайттарында ақау шықты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәселе барын растады, деп жазады tengrinews.kz.

Қазір министрлік мәселенің себебін анықтап жатыр, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі. Олар кейінірек пікір беруге уәде береді.

Айта кетейік, 27 қарашада түске таман республикада gov.kz домені бар барлық сайттар жұмысын тоқтатты. Олардың ішінде министрліктердің, әкімдіктердің, ведомстволардың сайттары бар.