Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін заң қабылданады

0
1 061

Қазақстанды одан әрі дамыту үшін Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бағыттардың бірі - әлеуметтік әділ саясат.


Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін заң қабылданады

фото: ser-per.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елордада Қазақстанның жаңадан сайланған президентін ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды одан әрі дамытудың он бағытына тоқталды. Соның алтыншы бағыты – әділетті әлеуметтік саясат жүргізу.

Мемлекет басшысы атап өткендей, билік адам капиталын дамыту саясатын жалғастырмақ.

"Бұл бағытта, ең алдымен, не істеуіміз қажет? Жаппай білім беруді қолдау және барлық тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсету. Біз мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылдаймыз. Олардың құқығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті жағдай жасаймыз", - деді президент.