Қазақстанда нашақорлар саны 150 мыңға жетті

0
492

Дүниежүзілік статистикаға сәйкес, 10 нашақордың біреуі ғана оңалтудан сәтті өтеді екен.


Қазақстанда нашақорлар саны 150 мыңға жетті

ERNUR.KZ. Бұл туралы прокурорлар республика өңірлерінде оқушылармен және студенттермен кездесу барысында айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

Олар нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары және 150 мың адамға жетуі мүмкін екенін атап өтті. Дүниежүзілік статистикаға сәйкес, 10 нашақордың біреуі ғана оңалтудан сәтті өтеді екен.

Бүгінде Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде есірткі қылмысы үшін төрт мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр. Оның көбі – жастар.