Қазақстанда өлімнен кейінгі ағза донорлығы міндетті бола ма – министрлік жауабы

0
183

Оның айтуынша, ағза донорлығын дамыту жұмысы кезең-кезеңімен жүргізілуі керек.


Қазақстанда өлімнен кейінгі ағза донорлығы міндетті бола ма – министрлік жауабы

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде өлімнен кейінгі міндетті донорлықты енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп жазады inform.kz.

«Жалпы, Қазақстанда заң деңгейінде адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлық тәртібіне қатысты жұмыс реттелген. Дегенмен, бұл салада жетілдіретін тұстары бар шығар, бірақ ол тек заңнамалық базаға байланысты емес. Бұл жерде халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімі өте үлкен мәселе. Атап айтқанда, осы саладағы мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтаймыз», - деді А. Әлназарова Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, ағза донорлығын дамыту жұмысы кезең-кезеңімен жүргізілуі керек.

«Менің ойымша, халықтың өзі бұған дайын болуы керек. Біріншіден, мұны мәжбүрлі түрде жасауға болмайды. Біздегі заңнама ағза донорлығын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан аталған мәселелер бойынша тиісті қадамдар жасап, ақпараттық жұмыс және халықтың қолдауы арқылы осыны кезең-кезеңмен іске асыру керек», - деп қосты министр.