Қазақстанда педофилдердің суреттері жарияланды

0
1 737

Бұл картаны әрбір ата-ана көруі тиіс.


Қазақстанда педофилдердің суреттері жарияланды

ERNUR.KZ. 2019 жылдың соңындағы мәліметтер бойынша, Қазақстанның құқық қорғау органдарында бір жарым мыңға жуық педофил және 2800-ден астам зорлықшы есепте тұрған, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазір республикалық түзеу мекемелерінде кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін 1600-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр.

Осы істер бойынша барлық толық ақпаратты, соның ішінде зорлықшылардың суреті мен аттарын infopublic.pravstat.kz сайтындағы арнайы бөлімдердің бірінде көруге болады.



Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті педофилдер туралы деректердің электрон картасын бірнеше жыл бұрын ұсынған болатын. Онда аймақтар мен қылмыс жасау мерзімдері бойынша ақпарат ашық жарияланған. Бұл картаны әрбір ата-ана көруі тиіс.