Қазақстанда петиция жіберу тәртібі бекітілді – заң президентке жіберілді

0
807

Заңға сәйкес, петиция арнайы интернет портал арқылы жіберіледі.


Қазақстанда петиция жіберу тәртібі бекітілді – заң президентке жіберілді

ERNUR.KZ. Сенат депутаттары қоғамдық бақылауға қатысты заңды мақұлдады. Бұл құжатта петиция жіберу тәртібі де көрсетілген, деп жазады sputnik.kz.

Заңға сәйкес, петиция арнайы интернет портал арқылы жіберіледі. Оны сайтта орналастырудың тәртібі де бар. eOtinish порталында арнайы бөлім болады. Сол жерде барлық петиция жарияланады. Петиция интернет порталда жарияланғаннан бастап 10 жұмыс күні ішінде кем дегенде оған 50 адам қосылуы керек. Ал жазбаша нұсқасына 20 жұмыс күні беріледі.
Петицияны міндетті түрде қарау үшін аудандық, облыстық және республикалық деңгейде оны қолдайтын дауыстардың шегі бар. Заңға сәйкес, шекті мәнге жеткен петиция ғана қолдау тапты деп саналады. Ал мәдениет және ақпарат министрлігі жіберілген құжаттың петиция талаптарына сәйкестігін анықтайды. Оған 10 күн беріледі.
Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыровтың айтуынша, министрлік әрбір петицияны модерациядан өткізеді. Оның ішінде адамның атақ-абыройына нұқсат келтіретін жайттар болмауы шарт.
"Петицияның шекті мәндері халықаралық тәжәрибеден алынған. Өйткені қарау мерзімдері де отандық практикадан алынып отыр. Кейін қаралу мерзімін ұзарту мүмкіндігі де жоқ", - деді Қадыров.