Қазақстанда пойыз теміржол қызметкерлерін басып кеткен

0
401

Екі қызметкер қаза тапқан.


Қазақстанда пойыз теміржол қызметкерлерін басып кеткен

ERNUR.KZ. Жиделі-Бірлік аралығында пойыз адамдарды басып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Желідегі мәлімет бойынша, екі теміржол қызметкері қаза тапқан.

"Қазақстан темір жолы" Ұ" АҚ баспасөз қызметі мәліметінше, 21 қаңтарда сағат 7:27-де Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында жазатайым оқиға болған. Салдарынан екі қызметкер қаза болды.

Пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқан, алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.

"Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тексеру басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және оларға қажетті көмек көрсетеді", - делінген ресми жауапта.