Қазақстанда полицейлердің 28 проценті баспанаға мұқтаж

0
292

Депутаттың пікірінше, тұрғын үйді жалға алу үшін өтемақы алатын ішкі істер органдары қызметкерлерінің тізбесін кеңейту қажет.


Қазақстанда полицейлердің 28 проценті баспанаға мұқтаж

ERNUR.KZ. Қазақстандық полиция қызметкерлерінің 28%-і баспанаға мұқтаж, деп жазады 24.kz.

Себебі ішкі істер министрлігінің жеке тұрғын үй қоры жоқ. Бүгін Сенатор Нұрлан Бекназаров Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында тәртіп сақшыларының әлеуметтік мәселесін көтерді.

Депутаттың пікірінше, тұрғын үйді жалға алу үшін өтемақы алатын ішкі істер органдары қызметкерлерінің тізбесін кеңейту қажет. Жалпы полиция қызметкерлерінің ең төменгі жалақысы өзге құқық қорғау органдарымен салыстырғанда 2 есеге төмен. Бүгінде аттестация өткен 72 мың полиция қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.

Бірақ жалақының аздығынан жұмыс орнын ауыстыруға асық. Бүгінде кадр тапшылығы 10 процентті құрайды. Қаңтар оқиғасы тәртіп сақшыларының, қызметтік беделін көтеру қаншалықты маңызды екенін айқындап берді, дейді Нұрлан Бекназаров. Сол себепті сенатор премьер-министрден қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет шаралар қабылдауды сұрады.