​Қазақстанда салықты комиссиясыз төлеуге мүмкіндік туды

0
1 339

Онлайн қызмет арқылы салық үшін ешқандай комиссия алынбайды.


​Қазақстанда салықты комиссиясыз төлеуге мүмкіндік туды

Елімізде салық төлеушілерге арналған жаңа онлайн қызмет іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Енді салық төлеушілер жаңа Fastpay.kz сайтында жеке тұлғаларға арналған жаңа online қызметін пайдалана алады.

Аталған сервистің көмегімен жеке тұлғалар келесі салықтар мен алымдарды комиссиясыз төлей алады:

  • мүлік салығы;
  • көлiк құралдарына салынатын салық;
  • жер салығы;
  • әкімшілік айыппұлдарды;
  • мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік баж алымы.

Дереккөз: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі