Қазақстанда шапалақпен ұрудан тұңғыш рет турнир өтеді

0
1 084

Жекпе-жек бес раундтан тұрады.


Қазақстанда шапалақпен ұрудан тұңғыш рет турнир өтеді

ERNUR.KZ. Петропавлда тұңғыш рет шапалақ ұрудан турнир өтеді. Көңіл көтерудің мұндай әдісін екі жас жігіт – Әділхан Шуканов пен Сергей Швец ойлап тауыпты, деп жазады Zakon.kz.

"Жарыс өткізудің нақты ережелерін енгіздік, әлеуметтік желілерде топтар құрдық. Бәрі сәтті шықса, турнир өтеді. Көңіл көтеруге де, табыс табуға да мүмкіндік," – дейді Әділхан.

Сергейдің айтуынша, жарыс ережесі өте қарапайым.

Біріншіден, қатысушылардың жасы 18-ге толған болуы тиіс, екіншіден, ешкім ауыр жарақат алып қалмауы үшін шапалақ-соққы толық алақанмен емес, саусақ ұштарымен жасалады. Жекпе-жек бес раундтан тұрады, қатысушылардың бірі жеңілісін мойындамаса, жеңімпазды бес раундтан кейін төрешілер анықтайды.

Ұйымдастыршулардың айтуынша, турнирде медициналық қызметкер болады. Алайда өзге елдердің мұндай турнир өткізу тәжірибесі көрсеткендей, шапалақтан ауыр жарақат бола қоймайды.

Мұндай турнирлер АҚШ-та өте танымал. Былтырдан бері Ресейде де бірін-бірі шапалақпен ұрудан чемпионат өте бастады.