Қазақстанда шетел университеттерінің филиалдарын ашу жоспарлануда

0
2 400

Бұл талантты жастардың елден кетуін қысқарту мақсатында жасалмақ.


Қазақстанда шетел университеттерінің филиалдарын ашу жоспарлануда

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім беру саласын жетілдіру мәселесі қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үкімет басшысы университеттердің білім беру бағдарламалары кәсіби стандарттар негізінде 100% жаңартылатынын атап өтті. Нәтижесінде түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады.

Қазақстанда талантты жастардың елден кетуін қысқарту мақсатында шетел университеттерінің филиалдарын ашу жоспарлануда. Одан бөлек, Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша инновациялар мен жаңа технологияларды дамытумен айналысатын екі озық ЖОО құрылатын болады.

Үкімет басшысы биыл колледждерде кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты 20 мың орынға ұлғайтуды, сондай-ақ 9 және 11-сынып түлектерімен алдын ала кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізуді тапсырды.

Білім және ғылым министрлігіне аса мықты 20 ЖОО-ны іріктеп, осы жылдың 25 наурызына дейін Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі кеңестің қарауы үшін олардың тізбесін Үкіметке енгізу тапсырылды.