Қазақстанда шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беретін құжаттар тізімі өзгермек

0
402

Құжат қазан айының соңына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.


Қазақстанда шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беретін құжаттар тізімі өзгермек

ERNUR.KZ. Енді Қазақстанға тұрақты тұруға келген және шотында тұрғын үй сатып алуға ақшасы бар шетелдіктерден баспанамен қамтамасыз етілгенін және тұрақты тіркеуге тұрғанын растайтын құжат талап етіледі, деп жазады stan.kz.

Құжат қазан айының соңына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Бұрын шетел азаматы баспана алуға банк шотында ақша жеткілікті екенін растайтын анықтама ұсынса, баспанасы болуы туралы құжат талап етілмейтін. Енді шетелдікке тұру және тіркеу үшін кемінде 180 күн мерзімге тұрғын үй беру үшін азаматтың немесе ұйымның нотариалды куәландырылған өтініші қажет болады.

"Бұл Қазақстанға келу мен белгілі бір тұрғылықты жері арасындағы байланысты көрсетеді. Сонымен қатар, шетелдіктің тұрақты тұруға ниет білдірген мекенжайы туралы ақпараттың болмауы ұлттық қауіпсіздік ережелеріне қайшы келеді", - деп түсіндірді құқық қорғау органдары.

Тағы бір жаңалық Қытайдан келген босқындар мен этникалық қазақтарды қолдауға бағытталған. Оларға соттылығы, сотсыздығы туралы анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ. Өйткені келгендердің осы құжатты алуы үшін консулдықпен байланысуы олардың мемлекеттері тарапынан қудалауына қауіп төндіруі мүмкін.