Қазақстанда сода, шыны және керамикалық плиткалар шығаратын зауыттар пайда болады

0
565

Елімізде отандық тауар өнімі үлесін арттыру мақсатында алдағы жылдары бірнеше жаңа кәсіпорын салып, іске қосу жоспарланып отыр.


Қазақстанда сода, шыны және керамикалық плиткалар шығаратын зауыттар пайда болады

ERNUR.KZ. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында мәлім етті, деп жазады Stan.kz.

"Отандық тауарлардың ассортиментін кеңейту мақсатында жаңа жобаларды іске қосу жоспарлануда. Айтар болсақ, 2022 жылы Қызылорда облысында қуаты 197,1 мың тонна болатын "Orda Glass LTD" табақ шыны өндіретін зауытты пайдалануға беру жоспарланған. Инвестиция көлемі 42,1 млрд теңгені құрайды. Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде ішкі нарықтың табақ шыныға қажеттілігінің 98% өтейді. Сонымен қатар 2023 жылға дейін шетелдік инвесторлардың (Швейцария, Түркия, Өзбекстан) қатысуымен керамикалық плиткалар шығаратын үш жаңа кәсіпорын (жалпы жобалық қуаты 21,5 млн шаршы метр) пайдалануға беріледі", - деді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, аталған жаңа жобалар ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

"Одан бөлек, 2025 жылға дейін кальцийленген сода өндіру бойынша тағы жаңа 2 кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Соның бірі Жамбыл облысындағы "Qazaq soda" ЖШС, қуаты 500 мың тонна және Павлодар облысындағы "Павлодар сода" ЖШС, қуаты 200 мың тоннаны құрайды", - дейді ол.