Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу 2,4 есеге, өлім-жітім көрсеткіші 6 есеге төмендеді

0
1 247

Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу жағдайы 2,4 есеге төмендеп, 2017 жылы 100 мың халыққа шаққанда 126,4 болса, бұл көрсеткіш 2007 52,2-ні құраған. Өлім-жітім жағдайы 100 мың халыққа шаққанда 6 есеге төмендеп, 3,0-ді құрады.


Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу 2,4 есеге, өлім-жітім көрсеткіші 6 есеге төмендеді

фото: mz.gov.kz

Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу жағдайы 2,4 есеге төмендеп, 2017 жылы 100 мың халыққа шаққанда 126,4 болса, бұл көрсеткіш 2007 52,2-ні құраған. Өлім-жітім жағдайы 100 мың халыққа шаққанда 6 есеге төмендеп, 3,0-ді құрады. mz.gov.kz

Бұл жайында Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметінде өткен «Туберкулездің бизнеске ықпалы» брифингінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов айтып өтті.

«Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2017-2018 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес, Қазақстан 2017 жылдың қорытындысына сәйкес «Туберкулездің таралуы» факторы бойынша өзінің жағдайын 2016 жылмен салыстырғанда 2 позицияға жақсартты және 138 елдің ішінен 90-орын алды», – деп айтты Мәлік Әденов.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалатындығын айтып өтті.

2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша амбулаториялық жағдайда ем қабылдауды бастаған туберкулезге шалдыққан науқастардың үлес салмағы 25,1%-ға өсіп, 40,3% құрады. Елімізде туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу нәтижелілігі айтарлықтай жоғары. Атап айтқанда, еліміз бойынша алғаш айқындалған туберкулезге шалдыққан науқастардың сауығып кетуі 2016 және 2017 жылдарға сәйкес 86,9% және 87,0% құрады. Ал, көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез жағдайы үстіміздегі жылы жақсарып, 2016 жылғы 74,8% көрсеткішіне қарсы 78,2% құрады.