Қазақстанда сұлулық салондарының қызметтері күрт қымбаттады

0
869

2022 жылы Қазақстандағы әйелдер шаштараздары 28,5 миллиард теңгенің қызметін көрсетті.


Қазақстанда сұлулық салондарының қызметтері күрт қымбаттады

ERNUR.KZ. 2022 жылдың соңында Қазақстанның сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар мен шаштараздар 89,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Сонымен бірге бұл қызметтердің құны 15%-дан астамға өсті, деп жазады ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2023 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда сұлулық салондары мен шаштараздардың қызметтері 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда 15,1% қымбаттады. Сонымен бірге бұл салада қызмет көрсету көлемі де артты.

2022 жылы Қазақстандағы әйелдер шаштараздары 28,5 миллиард теңгенің қызметін көрсетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,1 есе көп. Ерлер шаштараздары 10,6 млрд теңге (4,2 млрд теңгеге көп) табыс тапты, 2022 жылы косметологиялық қызмет көрсету көлемі 22,2 млрд теңге болды (бір жыл бұрынғы 10,4 млрд теңгемен салыстырғанда).

"Сұлулық салондарындағы басқа қызметтер 28,4 млрд теңге (2021 жылы – 11,2 млрд теңге) болды", - деп қосты Ұлттық статистика бюросы.

Айта кетейік, елімізде маусымда азық-түлік те, ақылы қызметтер де қымбаттады.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.