Қазақстанда сусын өндіру көлемі артты

0
472

Елімізде сусындар өндірісімен 47 кәсіпорын айналысады.


Қазақстанда сусын өндіру көлемі артты

ERNUR.KZ. Былтырғы 12 айда сусын өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 764 063 млн теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда өндіріс 11,2%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz.

Көрсетілген кезеңде республикада 2,3 млрд литр алкогольсіз сусын өндірілген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,8%-ға артық.

"656,8 млн литр минералды және газдалған сулар (тәтті емес, хош иіссіз) шығарылды, бұл 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда 1,7%-ға көп. Алкоголь зауыттары 12 айда 64,9 млн литр арақ шығарды. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Табиғи жүзім шарабы өндірісі 33,5%-ға өсіп, 31,1млн литрді құрады. Сыра өндірісі 717,5 млн литрді құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға аз", - делінген хабарламада.

Елімізде сусындар өндірісімен 47 кәсіпорын айналысады.