​Қазақстанда тағы 22 адам коронавирус жұқтырды

0
494

Осылайша еліміз бойынша қауіпті науқасты жұқтырып алғандар саны 2047-ге жетті.


​Қазақстанда тағы 22 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда тағы 22 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қауіпті вирусты жұқтырғандар Нұр-Сұлтанда– 2, Алматыда – 13, Алматы облысында – 7 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 403 адам, Алматы қаласында – 693 адам, Қарағанды облысында - 101 адам, Ақмола облысында - 83 адам, Атырау облысында - 82 адам, Жамбыл облысында - 76 адам, Шымкент қаласында - 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 11 адам, Алматы облысында - 62 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 37 адам, Маңғыстау облысында - 16 адам, Қызылорда облысында - 151 адам, Батыс Қазақстан облысында - 72 адам, Түркістан облысында - 66 адам, Қостанай облысында - 34 адам, жалпы 2047 науқас тіркелді.