Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады

0
2 068

Мейрам 22 желтоқсанда аталып өтіледі.


Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады

Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізілді. Құжатқа премьер-министрі Асқар Мамин қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі тағы бір атаулы күнмен толығып, 22 желтоқсан – архившілер күні болып бекітілді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.