Қазақстанның бас қаласы "қызыл" аймақтан әлі шықпады, ал, Алматы "жасылдан" "сары" аймаққа ауысты.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы коронавирусты инфекцияның таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа енді. Ал, Алматы қаласы "сары" аймаққа ығысты, деп жазады sputniknews.kz.
2021 жылдың 21 қаңтарындағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай:
"қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
"сары" аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары;
"жасыл" аймақта: барлық басқа өңірлер.
Бұған дейін Алматы "жасыл" аймақта болатын.
18 қаңтардан бастап Нұр-Сұланда жаңа шектеулер күшіне енді. Бас қаладағы сауда орталықтарының демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бұл нысандардағы дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана сенбі және жексенбі күні жұмыс істеуге рұқсат.