Қазақстанда таратылатын сегіз банктің салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі аяқталды

0
448

​Өтем сомаларын аудару 31 мамырына дейін жүзеге асырылады.


Қазақстанда таратылатын сегіз банктің салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі аяқталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда таратылатын сегіз банктің салымшыларына өтем төлеу мерзімі аяқталды, деп жазады sputnik.kz.

Осы жылдың 2 мамырында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының таратылатын сегіз банк бойынша төлемдері ойдағыдай аяқталды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Ресми мәліметке сүйенсек, аталған мерзімге дейін талап етілмеген кепілді өтем сомалары салымшылардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады.
"Заңнама талаптарына сәйкес, өтем сомаларын аудару төлем мерзімі аяқталған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн ішінде, яғни 2022 жылдың 31 мамырына дейін жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Зейнетақы қорына "Валют-Транзит Банк" АҚ, "Қазинвестбанк" АҚ, "Delta Bank" АҚ, "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ, "Астана Банкі" АҚ, "Tengri Bank" АҚ және "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ салымшыларының өтем сомалары аударылады.
Депозиторлар өтем ақшаларының зейнетақы шоттарына есептелгендігін ағымдағы жылдың 31 мамырынан кейін БЖЗҚ ресми сайтындағы жеке кабинеті, мобильді қосымшасы және БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне бару арқылы өз бетімен көз жеткізе алады.