Қазақстанда темекі бағасы тағы қымбаттады

0
564

Бір жылда темекі орта есеппен 50 теңгеге қымбаттады.


Қазақстанда темекі бағасы тағы қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстанда темекінің минималды бағасы өсті. Елде шылым шегушілердің қатарын азайту үшін қаржы министрлігі осындай шара қабылдап отыр, деп жазады Stan.kz.

Бүгіннен бастап 20 папиростан тұратын темекінің стандартты қорабы кемі 570 теңге тұрады. Бұл баға жыл соңына дейін сақталады.
Ал 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңгеге дейін көтеріледі. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, өткен жылы оның құны 520 теңге болған.

Ал жыл басынан бері минималды баға 550 теңгені көрсетті. Яғни бір жылда темекі орта есеппен 50 теңгеге қымбаттады.