Қазақстанда темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы көтерілді

0
611

Бұйрық 2023 жылғы 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.


Қазақстанда темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы көтерілді

ERNUR.KZ. ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы өкімімен темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы көтерілді, деп жазады zakon.kz.

Осылайша, сүзгісі бар, сүзгісіз 20 темекінің, темекінің, папирос, сигарилла және қыздырылған темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 650 теңге болып белгіленді.

Былтырғыға қарағанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 60 теңгеге өсті.

Бұйрық 2023 жылғы 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ал 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап сүзгісі бар, сүзгісіз 20 темекінің, темекінің, папирос, сигарилла және қыздырылған темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 630 теңге болады деп бұрын жоспарланған еді.

2022 жылдың екінші жартыжылдығында темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы қорабына 590 теңге болды. Айта кетейік, Қазақстанда темекі жылына екі рет қымбаттайды.